Жарияланды: 420

Мәжіліс депутаттары Қытай Коммунистік партиясы делегациясымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары - «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері Серік Оспанов, Майра Айсина және Бауыржан Смайылов Қытай Коммунистік партиясы делегациясымен кездесу өткізді.

Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды. Қытай делегациясын Қытай Коммунистік партиясының тарихты зерттеу орталығы хатшылығының бастығы Чжань Шуцзюнь басқарып, делегация құрамында Бейжің университетінің профессоры Пань Вуй мен Ян Сун (ҚКП ОК Халықаралық бөлімі) болды. Кездесу барысында қазақстандық парламентшілер меймандарды «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Фракциясының қызметімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, әңгіме барысында партияаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» ХДП он бір жылдан бері Қытай Коммунистік партиясымен партияаралық байланыс жасап келеді. Сондықтан кездесу Қытай Коммунистік партиясының 90 жылдығында орай өткізіліп, «Нұр Отан» ХДП мен Қытай Коммунистік партиясы арасында келісілген партияаралық ынтымақтастық хаттамасы ауқымында ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін