Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин “Жаңа Қазақстан” депутаттық тобының атынан Астана атауын қайтаруға шақырды. - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин “Жаңа Қазақстан” депутаттық тобының атынан Астана атауын қайтаруға шақырды.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин “Жаңа Қазақстан” депутаттық тобының атынан Астана атауын қайтаруға шақырды.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин “Жаңа Қазақстан” депутаттық тобының атынан Астана атауын қайтаруға шақырды.

  • 4 Қыркүйек 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz


Бұл ұсыныс сарапшылар ғана емес, бүкіл қоғам тарапынан қызу пікір-талас тудырып жатыр. Оны Парламент Мәжілісіндегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері де талқылады. Осыған орай ойымызды ортаға салуды жөн көрдік. …Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы мынадай мәлімдеме жасайды: Біріншіден, біз Қазақстан Республикасы Президентін жеті жылға бір мерзімге сайлау бастамасын қолдаймыз. Екіншіден, Конституцияға өзгерістерді қазір енгізіп, Президент сайлауын жаңа талаптарға сәйкес осы жылдың күзінде өткізу қажет деп санаймыз. Жалпы, бұл мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, елімізді орнықты дамытуға жол ашатын маңызды қадам. Үшіншіден, Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, онда осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек. Ол – елорданың атын қайта қайтару. Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және де қаланың жаңа атауын халықта қабылдамады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болар еді, – дейді Жаңбыршин.
Еске салсақ, осы аптада Мемлекет басшышсы  Қасым-Жомарт  Тоқеав халыққа Жолдауын жариялады.