Жарияланды: 510

Мәжіліс депутаты Макалкин ҚР СІМ-не "Қазақбатальонын" Иракта ұстаудың орындылығы туралы депутаттық сауал жолдады

Мәжіліс депутаты Валентин Макалкин ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевқа Қазақстандық бітімгершілік батальонды Иракта ұстаудың орындылығы туралы депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы ҚР парламенті мәжілісінің аппараты баспасөз қызметінен таратқан хабарламада айтылған.

Депутатттық сауалда атап көрсетілгеніндей, дәл қазіргі жағдайда Иракта басқыншылыққа қарсы наразылық қозғалыстар үдей түсті. "Осындай жағдайға байланысты бұған дейін өз жауынгерлерін Иракқа жіберуге келісімін берген Түркияның өзі ол қадамнан бас тартты. Жапония мен Португалия да өз әскерилерін Иракқа жіберуді белгісіз мерзімге шегеріп отыр. Ал жуырда Италияның жиырма шақты жауынгері қаза тапты",- дейді депутат. "Ахуалдың осындай бағытта өзгеруіне байланысты және Ирактың бұрынғы "Вьетнам кебін кию" мүмкіндігін ескергенде Қазақстандық әскерилерді одан әрі Иракта ұстау еліміздің ұлттық мүддесіне сәйкесе ме және ол ойламды саясатқа санала ма? ",- дейді депутат өз сауалында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін