Жарияланды: 510

Мәжіліс депутаты Қ. Жақыпов литвалық бизнес-делегациямен жүздесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қабиболла Жақыпов Литва Республикасынан бизнес-миссиямен келген делегациямен кездесу өткізді.

Жүздесу барысында депутат Қазақстандағы кәсіпкерліктің өркендеуін қамтамасыз ететін заңнамалар жайында әңгіме өрбітті. Елімізде қалыптасқан қолайлы инвистициялық ахуалдың арқасында Литва капиталымен қамдалған 100 фирманың жұмыс істеп жатқаны туралы айтылды. Литвалық, әсіресе, Клайпедадағы порттарды, жоғары технологиялық тұрғыда екіжақты пайдалану, қанатын кең жайған мәдени байланыстар мен жоғары оқу орындары арасындағы қатынастарды дамыту мәселелері де әңгіме арқауына айналды. Сонымен қатар, депутат Қ.Жақыпов қазақстан-литва ынтымақтастығының келешегі жайына тоқтала келе, Ресей - Беларус - Қазақстан Кедендік одағы мен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің маңызына тоқталып өтті. Өз кезегінде қонақтар тарапынан сөз алған Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рокас Берннотас ЕҚЫҰ Саммитіндегі Астана декларациясының маңызына тоқтала келе, Қазақстанда бастау алған бағыттың литвалық төрағалық кезінде одан әрі жалғасатынына сендірді. Бұдан бөлек, Литва делегациясының басшысы Клайпедадағы құрметті консул, сауда-өндірістік және қолөнер палатасының президенті, «KLASKO» АҚ кеңесінің мүшесі Бенедиктас Петраускас Литва арқылы Қазақстан мен Қытай арасына логистикалық жоба жасауға үлкен қызығушылық бар екендігін білдіріп өтті. Сөз арасында сондай-ақ Астана-Вильнюс әуе қатынасының ашылуы мүмкіндігі айтылды. Тараптар Қазақстанның Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатын жоғары бағалай отырып, осы күзде Литва Президентінің мемлекетімізге жасайтын ресми сапарына үлкен үміт артып отырғандарын да жеткізді. Жүздесуде екі ел арасындағы жаңа іскерлік қатынастарды дамыту жайы, парламентаралық ынтымақтастық мәселелері де әңгіме болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін