Мәжіліс депутаты Самақова Қазақстанда жұмыспен қамту бағдарламасын қайта қарауды ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты Самақова Қазақстанда жұмыспен қамту бағдарламасын қайта қарауды ұсынып отыр

Мәжіліс депутаты Самақова Қазақстанда жұмыспен қамту бағдарламасын қайта қарауды ұсынып отыр

Мәжіліс депутаты Айткүл Самақова Қазақстан премьер-министрінің атына депутаттық сұрау жолдады, онда ол республикада жұмыспен қамту бағдарламасын қайта қарауды ұсынып отыр.

  • 11 Желтоқсан 2013
  • 594
Фото - Caravan.kz

"Үш жыл бұрын үкімет "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасын бекіткен, үкімет тұрақты түрде оның ойдағыдай орындалып жатқандығы туралы ақпарат беріп отыр. Алайда соңғы берілген ақпарат бізді алаңдатты. Парламент депутаттары назар аударғандай, осы уақыт ішінде елде 60 мың адам жұмыспен қамтылған, немесе жұмысты керек еткен халықтың 5% ", деді ол сәрсенбіде Астанада пленарлы отырыста.

"Бағдарламаны жүзеге асыруға қыруар ақша бөлінді,170 млрд теңге, яғни бір адамды жұмысқа орналастыру үшін шамамен 3 млн теңге бөлінген", деді депутат.

Оның ақпаратына қарағанда, 2014-2015 жылдары тағы 200 млрд бөлу көзделген.


"Жұмыспен қамту бағдарламасының тиімділігі неге сонша төмен, деген сұрақ туындайды. Бағдарламаның басымдығы дұрыс көрсетілмеген бе, әлде ақша мақсатсыз жұмсалған ба?", деді ол.

Ол сондай-ақ әсіресе ауылды жерлерде тұратын адамдардың өз ісін ашуға микронесие алу туралы хабардарлығының нашар екендігін атап өтті.