«Банк жүйесінде, ипотека бойынша, баспана құрылысын жүргізуге қатысты енгізілетін күрделі өзгерістерді күту кезінде, халықтың үлестік тұрғын-үй құрылысына қатысу мәселесі, әсіресе алаңдатады» деді А. Жамалов.
Мәжіліс депутатының айтуынша, «2007 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген ҚР «Баспана құрылысындағы үлестік қатысу» туралы заңы, тұрғындардың заңды мүдделері мен құқығын толыққанды қорғамайды».
«Келісім — шарт жасалғанда, барлық шартты құрылыс жүргізетін жақ дайындап, үлестік қатысушыға тиімсіз міндеттер артылады. Соның нәтижесінде, бұл соттың талас-тартысына әкеліп соқтырады», — деді ол. «Республика үкіметі осыған орай, арнайы бір келісім-шартты дайындап, онда сапа мәселесі, пәтер көлемін анықтау жолдары, құрылыстың аяқталуы және пайдалануға берілу мерзімі нақты көрсетілуі керек «, — деген пікірді айтты А. Жамалов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті