Мәжіліс депутаты үкіметке теле- және радиохабарларын таратудың ұлттық тұжырымдамасын жасау мүмкіндігін қарауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты үкіметке теле- және радиохабарларын таратудың ұлттық тұжырымдамасын жасау мүмкіндігін қарауды ұсынады

Мәжіліс депутаты үкіметке теле- және радиохабарларын таратудың ұлттық тұжырымдамасын жасау мүмкіндігін қарауды ұсынады

Астана. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаты үкіметке теле- және радиохабарларын таратудың ұлттық тұжырымдамасын жасау мүмкіндігін және эфирде қазақстандық әртістердің өнімдерін эфирге шығарудың жеңілдетілген шарттарын қарастыруды ұсынады. Премьер министрдің атына осындай сауалды бүгін мәжіліс депутаты Бақыт Сыздықова жолдады.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Теле- және радиохабарларын таратудың ұлттық тұжырымдамасын жасау қажет. Отандық орындаушылар өз өнімдерін эфирге шығарудың жеңілдетілген мүмкіндігіне ие болуға тиіс. Бұл жас орындаушылар үшін қосымша ынталандыру және қазақ тілінде сапалы өнім шығаруға ынталандыру болмақ», — деді Б. Сыздықова.

Депутаттың айтуынша, «бұл мәселені мемлекет реттеуге тиіс».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті