Жарияланды: 440

Мәжіліс еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң жобасы телекоммуникацияның әмбебап қызметін субсидиялау үшін ұялы байланыс операторларының бюджетке міндетті төлем төлеуші ретінде ынтымақтаса қатысуын көздейді. Сондай-ақ, заң жобасы мемлекеттік тілдің қызмет ету саласының кеңеюі мен оның байланыс саласындағы пайдаланылуын мақсат тұтады. Мәселен, ұялы байланыс операторларын ақпараттық қысқа мәтіндік хабарламаларды (SMS) мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберуді қамтамасыз етуге міндеттеу көзделген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін