Мәжіліс еркін сауда-саттық аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің өзара импортты лицензиялау тәртібі туралы Хаттаманы бекітуді құптады
Бүгін, 4-маусымда өткен мәжілістің пленарлық отырысында халық қалаулылары еркін сауда-саттық аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің өзара импортты лицензиялау тәртібі туралы Хаттаманы бекітуді құптады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан. |
Отырыста сөз сөйлеген ҚР индустрия және сауда вице-министрі Ғалым Оразбақовтың түсініктемесіне жүгінсек, хаттама автоматты түрде лицензиялау принциптерін , сандық шектеу қою, соның ішінде квота мөлшерін белгілеу, шектеу күшіне енетін және күшін жоятын күнді белгілеу мақсатымен импортталған тауарды лицензиялауда өзара ескерту- хабарлама беру тәртібін анықтайды.
Сондай-ақ, хаттамада ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге лицензиялау тәртібі туралы ақпарат беру , лицензиялауға жататын тауарлар тізімі, лицензиялауға құқылы мекеменің атауы , сонымен бірге, лицензиялау тәртібі жарияланатын ресми БАҚ-тың атауы мен датасы көрсетіледі.
Хаттаманы бекіту туралы заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін