Мәжіліс Грузиямен арадағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Грузиямен арадағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Грузиямен арадағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Грузия үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қазан 2007
  • 342
Фото - Caravan.kz

«Бұл келісімнің мақсаты Қазақстан мен Грузия арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және автокөлік тасымалын жүзеге асыруды жеңілдетуге құқықтық негіз қалау болып табылады», — делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісім » Қазақстан мен Грузия арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдауды, осы елдердің аумағы арқылы транзитті, сондай-ақ, осындай тасымалды атқаруға рұқсат берілген тасымалдаушылардың үшінші елдерге жасайтын тасымалдау жұмыстарын реттейді».

«Келісімнің ережелері екі жақты қатынаста және келісімге қатысушы тараптардың аумағы арқылы транзитті тасымалға, сондай-ақ, үшінші елдерге жасалатын тасымалға халықаралық автотасымалына рұқсатнамасыз жүйе енгізуді қарастырады», — делінген мәжіліс комитетінің қорытындысында.

Келісімге 2007 жылдың 6 наурызында Астанада қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті