Жарияланды: 350

Мәжіліс исламдық қаржыландыруды ұйымдастыруға арналған заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді талқылап, құжатты қабылдады.

Аталған құжат исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамадағы олқылықтарды жоюға бағытталады. Атап айтқанда, заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы мақсатында әзірленген. Осы санаттағы бағалы қағаздарды шығару бойынша заң жобасын іске асыру «Үкіметтік борышқа қызмет көрсету» атты бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ал құжатты қабылдау республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін инвесторлар қаражатын тарту, Қазақстанның қаржыландыру секторы үшін бағдар (бенчмарк) белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз етеді. Сенат заң жобасына нақтылау сипатындағы 7 түзету енгізген. Бұған Мәжіліс депутаттары келісімін берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін