Мәжіліс исламдық қаржыландыруды ұйымдастыруға арналған заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс исламдық қаржыландыруды ұйымдастыруға арналған заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс исламдық қаржыландыруды ұйымдастыруға арналған заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді талқылап, құжатты қабылдады.

  • 29 Маусым 2011
  • 337
Фото - Caravan.kz

Аталған құжат исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамадағы олқылықтарды жоюға бағытталады. Атап айтқанда, заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы мақсатында әзірленген. Осы санаттағы бағалы қағаздарды шығару бойынша заң жобасын іске асыру «Үкіметтік борышқа қызмет көрсету» атты бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ал құжатты қабылдау республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін инвесторлар қаражатын тарту, Қазақстанның қаржыландыру секторы үшін бағдар (бенчмарк) белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз етеді.

Сенат заң жобасына нақтылау сипатындағы 7 түзету енгізген. Бұған Мәжіліс депутаттары келісімін берді.

Соңғы жаңалықтар