Мәжіліс кәсіподақтар туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс кәсіподақтар туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс кәсіподақтар туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс бүгін пленарлы отырысында «Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Кәсіподақтық қозғалыстың республикалық деңгейіне әлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша заң жобаларын келісу, тиісті ұсыныстар даярлау және ілгерілету, біліктіліктің ұлттық шеңберін бекіту, әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын болдырмау және алдын алу шараларын әзірлеу және келісуді жатқызу көзделеді», — деп Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгін Астанада мәжілістің пленарлы отырысында мәлімдеді.

Салалық комиссия функцияларына тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарастыру, салада еңбек төлемін ұйымдастырудың негізгі қағидаларын айқындау, біліктіліктің салалық шеңберін бекіту жатады.

Заң жобасы еңбеккердің мүддесін қорғау және келіссөздер жүргізу құқығын кәсіподаққа бекітуді қарастырады.


Сонымен қатар, депутаттар «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі кейбір заңдық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қосымша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.