Мәжіліс "Каспий теңізінің табанын бөлісу туралы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық Келісім туралы " заң жобасын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Каспий теңізінің табанын бөлісу туралы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық Келісім туралы " заң жобасын бекітті

Мәжіліс "Каспий теңізінің табанын бөлісу туралы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық Келісім туралы " заң жобасын бекітті

Бүгін, 11-маусымда өткен мәжілістің пленарлық отырысында халық қалаулылары "Каспий теңізінің табанын бөлісу туралы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық Келісім мен оның хаттамасын бекітті ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 11 Маусым 2003
  • 838
Фото - Caravan.kz

«Келісімге сәйкес тараптар Каспий теңізінің табаны мен оның жер қойнауын жағалау мен аралдардағы бастапқы нүктеден бірдей арақашықтықта белгіленген орта сызықпен бөліседі»,- деді ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов өз сөзінде. «Теңіз табанын бөлісу сызығы классикалық орта сызық арқылы өтеді. Бұл Қазақстанға теңіз табаны мен жер қойнауындағы байлықтарды басқару, игеру және барлауда өзінің дербес құқығын ешбір кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді»,-деді ол.

Орта сызықтың географиялық суреттемесі мен оның координаттары бастапқы базалық нүктелер бойынша тараптар арасында өзара келісілген картографиялық материалдар негізінде айқындалды. Бұл туралы келісім хаттамасына 2003-жылдың 27-ақпанында Бакуде қол қойылған болатын.
«Орта сызықтың аяқталатын нүктесі ретінде Каспий теңізінің табаны мен оның жер қойнауын Қазақстан, Әзербайжан мен Түрікменстан арасынан өзара бөлетін қиылыс нүктесі қабылдануы мүмкін». Осы мәселе бойынша Қазақстан мен Түрікменстан арасында дипломатиялық келіссөздер жүргізілгенін хабарлаған Қ.Әбусеитов Түрікменстанмен екі арадағы осындай нүкте өзгертілуі мүмкін екенін ескертті.
«Каспий теңізінің табанын бөлісу туралы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық Келісім туралы » заң жобасы сенатқа жіберілді.