Жарияланды: 1200

Мәжіліс "Мемлекеттік меншік және ұлттық компаниялар туралы" заң жобасына сараптамалық зерттеу қорытындысын әзірлеуді жоспарлап отыр

Ертең, 3-маусымда Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің бюросы жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтеді,-деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, "Мемлекеттік меншік және ұлттық компаниялар туралы" заң жобасына сараптамалық қорытынды әзірленбек. Бұл құжат палата бюросының биылғы 4-сәуірдегі қаулысына сәйкес заң жобасына ғылыми сараптама жасауға жіберілген болатын. Ертең сондай-ақ, мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінде 2002-жылғы республикалық бюжеттің орындалуы туралы үкімет есебі қаралса, палатаның экономиалық реформалар мен аймақтық даму жөніндегі комитетінде халық қалаулылары норвегиялық кәсіпкерлермен кездеседі деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть