Мәжіліс Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының жұмыс шарттары туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы келісім-шартын бекітуді мақұлдады
Бүгін, 19-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары Қазақстан, Еуропалық Қоғамдастық комиссиясы мен БҰҰ-ның даму бағдарламасы арасында нота алмасу түрінде Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының жұмыс шарттары туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы келісім-шартын бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан. |
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақованың түсініктемесіне жүгінсек, "өзгерістер көбінесе келісімді нақтырақ тұжырымдауға қатысты болып отыр". Атап айтсақ, енгізілген өзгертулерге сәйкес, орталық ҚР заңдарына сәйкес белгіленетін барлық түрлі алым-салықтар мен бюджетке аударылатын басқа да міндетті төлемдерден босатылады. Сондай-ақ, орталықта ресми тұтыну мақсатымен елге әкелетін заттарға кедендік төлемдер төлеу мен оларды елге әкелуге немесе елден шығаруға қатысты шектеулерден босатылады.
Аймақтық экологиялық орталықтың жұмыс шарттарына қатысты келісімге 2000-жылдың 12-мамырында қол қойылып, ҚР парламенті оны 2000-жылдың 5-шілдесінде бекітті.
Заң жобасы сенаттың талқысына жіберілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін