Мәжіліс Польшамен арадағы әуе қатынасы туралы заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Польшамен арадағы әуе қатынасы туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Польшамен арадағы әуе қатынасы туралы заң жобасын мақұлдады

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Польша Республикасының үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 17 Қазан 2007
  • 339
Фото - Caravan.kz

«Келісімнің мақсаты Қазақстан мен Польша аумақтары арасында әуе қатынасын орнатуға құқықтық негіз қалауға саяды», — делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісім ережелерне сәйкес, «тараптардың авиекәсіпорындары белгіленген бағыт бойынша шартты желілерді пайдаланған жағдайда бірқатар құқықтарға ие болады». Атап айтсақ, оларға «келісімге қатысушы бір мемлекеттің аумағы арқылы жолай қонбай ұшып өтуге, келісімге қатысушы келесі мемлекеттің аумағына коммерциялық емес мақсатпен қонуға, келісімге қатысушы екінші мемлекеттің аумағында бортқа халықаралық бағытта тасымалданатын жолаушыларды, жүктер мен поштаны қабылдау немесе оларды түсіру мақсатымен келісілген жерлерде қонуға құқылы».

Келісімге 1997 жылдың 27 қарашасында Варшавада қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті