«Келісіммен бір мемлекет азаматтарының шетелге шығуға қажетті құжаттардың негізінде екінші мемлекеттің аумағына келу, транзитті жүріп өту, келген елдің мемлекеттік шекарасынан өткен сәттен бастап 90 күннің ішінде сол елдің аумағында болу құқықтары белгіленеді», — делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Келісім екі мемлекет те мойындаған жүру құжаттарының тізімін, визасыз кіріп-шығу ережелерін, мемлекеттік шекарадан транзитті жүріп өту тәртіптерін айқындайды.
Келісімге Астанада 2006 жылдың 6 қарашасында қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті