Мәжіліс "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс  "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы"
 
заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2007
  • 392
Фото - Caravan.kz

«Келісім инвестициялық ахуалды жақсартуға және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісімнің 9 бабында айқындалғанындай, «инвестор бір жақтың мемлекеттік инвесторы мен екінші жақтың мемлекеттік органдары арасындағы соңғысының міндеттемелеріне қатысты дауды, инвестияциялар жөніндегі келісімге сәйкес, халықаралық арбитраждық инстанциялардың қарауына ұсына алады» — делінген мәжіліс комитетінің отырысында.

Келісімге 2007 жылдың 9 қаңтарында Астанада қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті