Мәжіліс спикері Шымкентте қоғамдық қабылдау өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс спикері Шымкентте қоғамдық қабылдау өткізді

Мәжіліс спикері Шымкентте қоғамдық қабылдау өткізді

ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Шымкентте қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 12 Ақпан 2014
  • 485
Фото - Caravan.kz

Аймақ халқы депутатпен жүздесу кезінде өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, газ және сумен қамту мәселесіне ден қойылды. Сондай-ақ  қала тұрғындары Сарыағаш-Мақтарал көпірін кеңейтуге қатысты мәселені көтерді.

Н.Нығматулин аталған мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастырылғанын, әзірлік жұмыстары аяқталып та қалғанын атап өтті. Спикердің айтуынша, көпірді кеңейту жұмысы осы жылдың қараша айын басталады деп жоспарланып отыр. Көпірдің құрылысына 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген.

Бұған қоса, депутат 2015 жылдың соңына қарай «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» газ құбыры облыстағы 8 ауданның 254 ауылын көгілдір отынмен қамтамасыз ететінін баса айтты.  Сондай-ақ Н.Нығматулин «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауының жүйесі бәрінен бұрын Қазақстан Президентінің әлеуметтік мәселелер бойынша алға қойған міндеттерін орындауға мүмкіндік туғызатынын атап өтті.