Алдымен мәжіліс төрағасы жақында аймақтарға жасаған сапарлары туралы баяндады. Президент жолдауын түсіндіру үшін халық қалаулылары тұрғындармен мыңнан астам кездесу өткізген. Ал төменгі палата қабылдаған заң рекордтық көрсеткішке тең. 5-ші шақырылымның депутаттары 300-ге жуық заң қабылдап қолданысқа енгізген. Баяндама жетістікке толы болғасын ба, Елбасы ескерту жасаған жоқ. Керісінше спикерге бірқатар міндеттер жүктеді.