Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжіліс төрағасы ұлтаралық және діндераралық келісімді үлгілі түрде жүзеге асырып отырған Қазақстанның тәжірибесі жөнінде ойларын ортаға салды.
Қазақстан делегациясының ИКПОҰ органының жұмысына қатысуын жеделдету мақсатында Аслан Мусин Иордания, Қатар, Кувейт және Біріккен Араб Әмірлігі елдерінің парламенттік делегациясы жетекшілерімен кездесті.
Парламентаралық үлкен бас қосуларда Қазақстан делегациясының қатысуы әлемдік деңгейде жас мемлекетіміз туралы оң көзқарастың қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз. Сонымен бірге Қазақстанның ұлтаралық және діндераралық келісім үлгісін әлемге жариялауға жол ашады.
Осы жолғы Каир форумында бірқатар көкейкесті мәселелерді талқылау жоспарланған. Атап айтқанда, Әл Ақса мешітін қираудан қорғап қалу, палестиналық тұтқындарды израиль түрмелерден босату, Таяу Шығыста барлық жаппай қырып-жою қарулары түрлерінен азат аймақ қалыптастыру, Ирактағы жағдай мәселелері күн тәртібінде тұр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті