Жарияланды: 430

Мәжіліс ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметі жөніндегі келісімді ратификациялауды мақұлдады

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Парламент мәжілісінің депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметі жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл келісімнің мақсаты - ҰҚШҰ мен оған мүше мемлекеттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау шараларына тиімді қатысуын қамтамасыз ету болып табылады", - деді заң жобасын таныстырған ҚР қорғаныс вице-министрі Болат Сембинов. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорыытндысында атап көрсетілгеніндей, "келісімнің екінші бабына сәйкес ҰҚШҰ-ына мүше елдер бітімгершілік операцияларына қатысу үшін тұрақты бітімгершілік күштерін құруға тиіс". Бітімгершілік күштерді жасақтау үшін әр мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес тұрақты бітімгершілік контингенттерін бөліп, олар ҰҚШҰ үшін біртұтас бағдарламалар бойынша дайындалады, біртұтас немесе бір-бірін алмастыра алатын қару-жарақ және байланыс құралдарымен жабдықталады, бірлескен тұрақты оқу-жаттығуларға қатысады. Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары "ҰҚШҰ-ның құқықтық мәртебесі жөніндегі 2002 жылдың 7 қазанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын, сондай-ақ, "ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару жүйесін құру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін