Жарияланды: 450

Мәжіліс жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерге енгізілген түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады

Бүгін, 15-қазанда Астанада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен өзгертулер енгізу жөніндегі" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Заң жобасын депутаттарға таныстырған Владимир Асановтың айтуынша, 2003-жылдың 24-қыркүйегінде бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасына 20-дан астам ұсыныстар мен ескертпелер енгізілген. Оның айтуынша, негізгі "қорғаныстық" сипаттағы түзетуді мәжілістің агралық комитеті енгізді. Түзету бойынша "азаматтар шаруашылық бірлестіктерге мүшеліке өткен және соңынан одан шыққан жағдайда, өздерінің атынан шаруашылық серіктестік немесе өндірістік кооперативтің жарғылық капиталына үлес немесе жарна ретінде қосқан шартты жер үлестеріне қатысты құқығын сақтап қалады ",- деді ол өз түсініктемесінде. Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін