Мәжілісмендер жүргізушілерге салынатын айыппұлды азайтуды ұсынды
Жол ережесін бұзған жағдайда төленетін айыппұл мөлшерін азайту керек. Бүгін мәжіліс депутаттары Мұхтар Тінекеев пен Нұртай Сәбильянов еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа осылай деп ұсыныс айтты. Мәжілісмендердің айтуынша, елімізде бір айлық есептік көрсеткіш көлемі көбейді. Соған сәйкес айыппұлдар да былтырғыдан біршама ұлғайып отыр. Дегенмен министр жергілікті полиция қызметкерлерінің әлеуметтік проблемаларын жеткізуге тырысты. Айтуынша, елімізде қоғамдық тәртіпке жауапты 25 мыңнан астам жергілікті полиция қызметкері бар. Тәртіп сақшыларын көбіне баспана мәселесі алаңдатады екен. «Учаскелік полицейлердің жалақысы мардымсыз» деген министр Қасымов сала мамандарына қызметтік ғимараттар пен көліктер жетіспейтінін де алға тартты.