Жарияланды: 430

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы өтті

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының кең көлемді таныстырылымы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Аталған заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі - депутат Жексенбай Дүйсебаев. Заң жобасының таныстырылымын мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырды. Заң жобасының тұжырымдамалық негізі туралы ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев баяндама жасады. Заң жобасы елімізде ойын бизнесіне қатысты мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатын көздейді. Заң жобасымен еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне түзетулер енгізу қарастырылған. Заң жобасын қабылдау ойын бизнесін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыратын болады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін