Мәжілістің бұрынғы депутаты 57 жасында қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің бұрынғы депутаты 57 жасында қайтыс болды

Мәжілістің бұрынғы депутаты 57 жасында қайтыс болды

Парламент мәжілісінің экс-депутаты Тарас Хитуов 58 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

  • 21 Маусым 2021
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz  порталы Sputniknews.kz— ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілістің баспасөз қызметінің ақпаратынша, Тарас Хитуов ұзаққа созылған аурудан қайтыс болған.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бүкіл депутаттық корпус атынан марқұмның отбасына, жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

"Тарас Киікбайұлы адал еңбегімен және зор жауапкершілігімен еліміздің заңнамалық базасын жетілдіруге өлшеусіз үлес қосты. Отанының нағыз патриоты ретінде оның жарқын бейнесі халқымыздың және барша жақындарының есінде сақталатыны сөзсіз", — деді спикер.