Жарияланды: 380

Мәжілістің салалық комитеті ҰҚШҰ жауапкершілігі аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларының топтамасын мақұлдады

Астана. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің салалық комитеті ҰҚШҰ жауапкершілігі аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларының топтамасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мәжілістің комитеттері мен парламенттің төменгі палатасының заңнама бөлімі осы заң жобаларын оң бағалап отыр және оларды бекітуді сұрайды", - деді халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ержан Исақұлов. "Қазір Оңтүстік Осетия мен Абхазияда не болып жатқанын бәріміз біліп отырмыз, ал осы барлық заң жобалары осындай проблемаларды шешуге септігін тигізеді, сол себепті мен оларды қолдауды ұсынамын", - деді ол. ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембиновтың айтуынша, "ҰҚШҰ-ның бітімгершілік іс-қызметі туралы келісімді бекіту туралы", "ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйелерінің күштері мен құралдарын басқару жүйесін құру жөніндегі келісімді бекіту туралы" және "ҰҚШҰ-ның құқықтық мәртебесі туралы 2002 жылдың 7 қазанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы" заң жобалары жайлы сөз болып отыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть