Мазут бағасы 4 мың теңгеге қымбаттады, ал өңірлер сұратқан қаражат 20 есеге көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мазут бағасы 4 мың теңгеге қымбаттады, ал өңірлер сұратқан қаражат 20 есеге көбейді

Мазут бағасы 4 мың теңгеге қымбаттады, ал өңірлер сұратқан қаражат 20 есеге көбейді

Мазут бағасы 2009 жылдан бері небәрі 4 мың теңгеге қымбаттады, ал өңірлер мазутты сатып алуға қажетті қаражатты 20 есеге көбейтіп сұратқан.

  • 9 Тамыз 2013
  • 494
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — ҚР Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті.

«Егер 2009 жылы 123 млн. теңге сұратқан болса, қазіргі уақытта олар 2 млрд. 200 млн. теңге қаражат сұрап отыр. Ал әлеуметтік мазуттың бағасы 2009 жылы тоннасына 32 мың теңге болса, бүгін оның құны 36 мың теңге. Сонда 2009 жылдан бері 4 мың теңгеге ғана артқан. Ал өңірлерден осы мақсаттарға сұралатын қаражат 20 есе өскен», — деді Б.Сағынтаев.

Оның сөзінше, 2009 жылы мазут сатып алуға тек бір облыс қаражат сұраған. Бүгінде 4 облыс ұсыныс тастап отыр. «Егер осылай жалғаса берсе, 2-3 жылдан кейін бүкіл мемлекет әлеуметтік мазутқа ақша сұрайтын болады», — деп атап өтті ол.