Мамандар бұл сында жерлесіміз басты фаворит екендігін жасырмады. Алайда жарыс жолына 51-ші болып шаққан Алексей жеңімпазға бір минут көлемінде ұтылып тек 9-шы орынға табан тіреді. Ал 15 шақырымдық дистанцияны 38 минут 29 секундта бағындырған швейцариялық Дарио Колонья үш дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Оның артын орай жеткен қос швециялық шаңғышылар Юхан Ульссон мен Даниэль Рикардссон тиісінше екінші үшінші орынды бөлісті. Естеріңізге сала кетсек Швейцариялық шаңғышы Дарио Колонья бұған дейін скиатлонда да үздік атанған.
Сочидегі ақ ойындар біртіндеп өз экваторына жақындап қалды. Бірақ біздің ала қоржын әлі бос. Дегенмен кешегі жарыс бағдарламасындағы шорт-трекшілер сайысы көңілімізге үміт отын жаққандай. Айтпағымыз 5000 метрлік эстафетада үздік төрттіктің қатарынан орын алған қазақ жігіттері кіші-гірім сенсация жасады.
Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселонаның» қорғаушысы Хавьер Маскерано Каталониялық клубтан кететіндігін жариялады.
Айта кетсек италиялық басылымдар 29-жасар футболшының биылғы маусым аяқталысымен «Наполиға» келеді деген хабар таратқан болатын. Жақын уақытта Маскераноның агенті “наполилықтармен” келіссөз жүргізеді. “Барселона” аргентиналық футболшыны 20 миллион евроға жіберуге дайын. Естеріңізге сала кетсек Маскерано “Барселонаға” 2010-шы жылы англияның «Ливерпуль» клубынан ауысып келген.