Медициналық колледж бір жылдан астам лицензиясыз жұмыс істеп келген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медициналық колледж бір жылдан астам лицензиясыз жұмыс істеп келген

Медициналық колледж бір жылдан астам лицензиясыз жұмыс істеп келген

Таразда Ибн-Сина атындағы медициналық колледж бір жылдан астам уақыт бойы студенттерді рұқсатсыз оқытып келген, деп хабарлады 24.

  • 5 Сәуiр 2016
  • 447
Фото - Caravan.kz


Білім ошағы оқу процесінің талаптарына сәйкес келмегендіктен лицензиясынан айырылыпты. Мұнда не арнайы жабдықталған ғимарат, не оқу қоры, не қажетті зертхана болмаған. Тіпті, штатта арнайы медициналық білім беретін маман да жоқ болып шықты.

Прокурорлардың айтуынша, колледж басшылығы соған қарамастан студенттер мен олардың ата-аналарын алдап, оқу процесін жалғастырып келген. Тексеру барысында ол жерде 170-ке жуық студенттің оқып жатқандығы анықталды. 

Прокуратура бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал студенттер өзге колледждерге ауыстырылды. 

— Қазір 190-баптан 3-тармаққа, яғни ірі көлемде алаяқтық жолмен ақша иемдену дәйектері анықталды. Қазіргі кезде алдын ала тергеу амалдары жүргізілу үстінде. Балалардың оқуын тоқтатпадық. Олар өздерінің оқуын екінші семестрден жалғастырып жатыр. Емтихандарын қайталап тапсырды. Содан кейін арнайы студенттер арасындағы бақылау жұмыстарын толығымен тапсырып шықты, деді облыс прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев.