Жарияланды: 670

Медициналық мекемедегі бас дәрігерлерді басқарма мүшелері тағайындайтын болады

Медициналық мекемедегі бас дәрігерлерді басқарма мүшелері тағайындайтын болады

Алдағы уақытта еліміздегі медициналық мекемеде бас дәрігерлерді басқарма мүшелері тағайындайтын болады.

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасын таныстырған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Егер корпоративтік басқару қағидаттарына келетін болсақ, онда аудандық деңгейдегі ұйымдар бірыңғай медициналық орталыққа біріктірілетін болады. Оларды басқарма органдары басқарады. Басқарма органдарының мүшелері аталған мекеменің иесімен немесе аудан және қала әкімдерінің ұсынуымен конкурстық негізде қалыптасады. Қазіргі күні аудандар мен қалаларда әкімдер медицина мекемелерінде бас дәрігерлерді тағайындап келсе, енді оны басқарма мүшелері тағайындамақ», - деді Т. Дүйсенова. 
Министрдің айтуынша, басқарма жылдық операциялық жоспарларды бекітіп, штаттық кестені, еңбекақы төлеу жүйесін, сатып алулар жоспарын бекітеді. Ал облыстық және қалалық медицина мекемелерінде бақылау кеңесі бар басқармалар құрылады, оның мүшелерінің үштен бірі тәуелсіз сарапшылардан тұрады.

«Біз қалалық және облыстық орталықтар деңгейінде бұл үдерістерді иіріп әкететін креативті менеджерлер табылады деп есептейміз. Яғни, шешімдердің барлығы жеке сектордан тартылған менеджерлердің пікірі ескеріле отырып қабылданады. Ал облыстық, республикалық орталықтарға келсек, ол мекемелерде басқармалар бақылау кеңестерімен бірге құрылады және мүшелердің үштен екісі тәуелсіз сарапшылардан тұрады», - деді Т. Дүйсенова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін