Медициналық сақтандыру қорын құру кезінде алдымен халықтың пікірі ескеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Медициналық сақтандыру қорын құру кезінде алдымен халықтың пікірі ескеріледі

Медициналық сақтандыру қорын құру кезінде алдымен халықтың пікірі ескеріледі

Елімізде міндетті медициналық сақтандыру қорын құру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Ол  әлемдік сақтандыру жүйесін жіті саралап, халықтың да пікірін ескермекші.  

  • 15 Ақпан 2014
  • 386
Фото - Caravan.kz

Әзірге қорды құру жобасы жасалғанымен, оған аударылатын жарна көлемі белгісіз екен. Айта өтейік, елімізде міндетті медициналық сақтандыру қоры алғаш рет 1995-інші жылы құрылған болатын. Алайда, жарнамасы жер жарған бастама аяқсыз қалып, жауапты шенеунік 900 млн теңгені жеп шетел асқан болатын. Денсаулық сақтау министрлігі енді, қорды құрмас бұрын жұрттың пікіріне құлақ "асамыз" деп отыр.


Марат Шоранов, ҚР Денсаулық Сақтау министрлігінің департамент директоры:

-Сайтымызда арнайы форум аштық. Бұл жерде әрбір тұрғынның пікірін білуіміз міндетті. Ведомствоаралық комиссияда құрдық. 1 жылдың ішінде біз Үкіметке өз ұсынысымызбен шығамыз. Сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесінің әлемдегі модельдерін де меңгеруге кірістік.