Мэлс Елеусізов үшінші рет президент сайлауына қатыспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мэлс Елеусізов үшінші рет президент сайлауына қатыспақ

Мэлс Елеусізов үшінші рет президент сайлауына қатыспақ

Танымал табиғат жанашыры басты саяси додаға бұған дейін 2005, 2011 жылдары екі рет түскен еді.

  • 17 Сәуiр 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Белгілі эколог сайлауға өзі басқаратын қоғамдық ұйымның атынан түспекші. Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын өткізу үшін бүгін Алматыдан Елордаға дереу  ұшып келіпті. Елеусізов осы саяси науқанды пайдаланып, өзекті экологиялық мәселелерді көтермек ойда. Оның айтуынша, әлемдік климат жарты градусқа жылып кеткен. Су тасқындарының көбеюі, жыл сайын қайталануы соның әсері дейді. Өзі басқаратын ұйымның мәртебесін арттыру үшін алдағы уақытта партия құрып, Парламент сайлауына да қатыспақшы. Ал осы жолы Президенттікке үміткер ретінде тіркеле алмай қалғанның өзінде үгіт-насихат шараларын тоқтатпайтынын айтып отыр.

Мэлс Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:


— Бұған дейін сайлауға екі рет қатыстым. 30 жыл осы экология мәселелерін көтеріп жүрмін. Сондықтан көп адам мені біледі.  Бірақ мені кандидат ретінде өткізбесе де әрі қарай жұмыс істеймін.
 

Соңғы жаңалықтар