Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалық боксшыны нокаутпен жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақ кәсіпқой боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов Нью-Йоркте кезекті жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз ресейлік Сергей Ковалев пен украиналық Вячеслав Шабранский арасындағы кездесудің андеркартында америкалық боксшы Эрик Мунды нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. агенттігі Vesti.kz.-ке сілтеме жасап. 

  • 27 Қараша 2017
  • 163
Фото - Caravan.kz


Мейірім мен Эрик арасындағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда алғашқы сәттерден-ақ бірден шабуылға шыққан қазақстандық боксшының қарқынына америкалық төтеп бере алмады. Нәтижесінде екінші раундта Мейірім техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Спорт басылымының мәліметінше, Эрик Мун осыған дейін жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. Ал Мейірім кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісін тойлады. Осыған дейінгі төрт кездесуінде де қарсыластарына мықтылығын мойындатқан.

Соңғы жаңалықтар