Жарияланды: 3400

Мейрамбек Бесбаев әйгілі "МузАРТ" тобын не үшін таратқысы келгенін айтты

Мейрамбек Бесбаев  әйгілі "МузАРТ" тобын не үшін таратқысы келгенін айтты Сурет - juldizdar.kz

 

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев TalkLike YouTube-жобасында "МузАРТ" тобын тарату туралы ойы болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның пікірінше, Қазақстандағы топтардың деңгейі өспей қалуына "МузАРТ" кінәлі болған. "Қазақстанның ішіндегі топтардың деңгейі өспей қалды. Бірақ Мақсат кеткен кезде тыңдарман біртүрлі болып қалды, ал Кенжебек келген соң қайтадан көңілдері орнына түсті. Оның үстіне енді тарап кетсек, мүлде көңілдерін түсіріп тастаймыз ба деп, соншама махаббатты далаға тастай салғандай болмайық деп, тарамадық", - деді ол. Бесбаев неге тарау керек деген ойға келгенін де түсіндірді. "Қазақстанды аралалап, жан-жаққа барған кезімізде бәрі "Біздің "МузАРТ" деп қарсы алады. Бізден кейін топ болып құрылған "Жігіттер" бар, "Каспий", "Жалын", "Ғарыш" сияқты топтарды біз өсірмей қойдық. Бәсекелестік болмай қалды. Зиянымыз тиді. Тарасақ, басқа топтардың бағы ашылатын шығар деген ой болды", - дейді ол. "Халықтың назары соларға ауа ма екен деп "МузАРТ"-тың ізбасарларын дайындадық. Бірақ бәрібір халық біздің тарамағанымызды қалайды екен. Біз барда қаншама шығып жүрген топтар бәсекелестікке шыдай алмай, тарап кетіп жатты. Қаншама топтар бәсекелестікке шыдай алмай тарап кетіп жатыр. Топтардың өспеуіне біз себепкер болдық па деп қорықтық. Біз қазір сыйластықтың басқа деңгейіне көштік. Жас кезімізде арамызда конкуренция бар еді, лидер болуға, алға ұмтылуға тырысатынбыз, ал қазір ағайын болып, қатты араласып кеттік, сондықтан "МузАРТ" қашан тарайтынын құдай біледі", - дейді ол.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін