Жарияланды: 340

Мейрамханада оқ атылды - Павлодар

Мейрамханада оқ атылды - Павлодар

Павлодарлық «Ыстамбұл» мейрамханасында 12 қараша күні келушілердің бірі туындаған жанжал барысында 26 жастағы қала тұрғынын «ОСА» травматикалық тапаншасымен атты,

деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен. Басынан жарақаттанған жәбірленуші таңғы сағат бес шамасында ауруханаға жеткізілді. Қылмыс жасау күдігімен ешқайда жұмыс істемейтін, бұрын көлік айдап әкеткені үшін сотталған жергілікті 27 жастағы тұрғын ұсталды. Айғақ дәлел болып табылатын тапанша алынды. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды, бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін