Мехико: Шерушілер жоғалған студенттерді табуды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мехико: Шерушілер жоғалған студенттерді табуды талап етуде

Мехико: Шерушілер жоғалған студенттерді табуды талап етуде

Мексика астанасы Мехикода тағы да мыңдаған адам шеруге шықты. Олар үкіметтен жоғалған 43 студентті табуды талап етіп отыр, деп жазады Би-би-си.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 281
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, Игуала қаласында елде ұстаздық жұмысқа орналасу мәселесінде сыйбайлас жемқорлықтың өршіп кеткеніне наразылық білдірген 43 студент өткен жылдың қыркүйегінде із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларды соңғы рет сақшылар әкетіп бара жатқан жерінен көрген.

Болжам бойынша, оларды қылмыстық топтармен байланысы бар полицейлер есірткі бизнесімен айналысатын бандалық топқа берген. Кейін студенттер солардың қолынан қаза болған.