Мексикада АҚШ визаларын әкеле жатқан жүк көлігі ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексикада АҚШ визаларын әкеле жатқан жүк көлігі ұрланды

Мексикада АҚШ визаларын әкеле жатқан жүк көлігі ұрланды

Мексикада ұрылар осы елдің азаматарына бірнеше жүздеген виза әкеле жатқан жүк көлігін ұрлап кетті, деп хабарлады сейсенбіде  Монтеррей қаласындағы америкалық бас консулдық.

  • 24 Маусым 2015
  • 292
Фото - Caravan.kz

Дипломатиялық өкілдіктің ақпаратына сүйенсек, жүк көлігін Құрама Штаттан Монтеррей мен Гвадалахараға бара жатқан жолда, Матаморос қаласында ұрлап кеткен.

Салдарынан жүздеген мексикалықтар   визасыз қалды. Бас консулдық алаяқтар олардың дербес мәліметтерін пайдалануы мүмкін екендігін ескертті.

Монтеррейдегі бас консулдық Мексиканың бес штатына — Сакатекас, Сан-Луис-Потоси, Тамаулипас, Коауилу және Нуэво-Леонға қызмет етеді.

Мексика полицияларының деректеріне сүйенсек, кейбір есірткі тасымалдаушылар  заңсыз визаларды иеленуге мүдделі, олар  оны Орталық Америка елдерінен АҚШ-қа заңсыз мигранттарды өткізу үшін пайдалануы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.