Мексикада мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексикада мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Мексикада мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Мексиканың Веракрус штатының оңтүстік шығысындағы мұнай өңдеу зауытында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайдыБи-Би-Си агенттігі.

  • 21 Сәуiр 2016
  • 317
Фото - Caravan.kz

Апат мемлекеттік Pemex мұнай компаниясына тиесілі нысанда, Коацакоалькос қаласындағы портта орын алды, деп мәлімдеді штат губернаторы Хавьер Дуарте.

Апат салдарынан 30 адам жарақат алып, жүздеген адам эвакуацияланған. Бастапқыды үш адамның зардап шеккені хабарланды.

Әлеуметтік желіде жарияланған суреттерде үлкен жалын мен әуеге көтерілген қою қара түтін көрінеді.


Pemex компаниясы өкілдерінің мәлімдеуінше оқыс оқиға жанар май жеткізуге кедергі келтірмейді.