Мектеп оқушысы үй тапсырмасы үшін 2 қойсаң Еуропалық сотта жолығамыз деді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп оқушысы үй тапсырмасы үшін 2 қойсаң Еуропалық сотта жолығамыз деді

Мектеп оқушысы үй тапсырмасы үшін 2 қойсаң Еуропалық сотта жолығамыз деді

Оқиға биылғы оқу жылының басында ұстаздың «Мен жаз айын қалай өткізім» деген тақырыпта шығарма жазуға тапсырма беруінен басталған.

  • 18 Қыркүйек 2017
  • 1809
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Әйтседе берілген үй тапсырмасы оқушыға ұнамаса керек, ол мұны өзінің жеке шаруасы екенін және ешкімге есеп беруге міндеті еместігін шығарма орнына жазып тапсырған. Whatsapp мессенджері арқылы тараған шығарманың толық нұсқасы төмендегідей:

Үй жұмысы.

Мен жаз айын қалай өткіздім.

Менің жазды қалай өкізгенім ешкімге қатысты емес. Ол менің жеке ісім. Себебі, жаз айы менің жеке уақытым. Ол үшін шығармада біреуге есеп беруге міндетті емеспін. Адамның құқықтары сақталуы тиіс! Егер сіз маған осы шығарма үшін екі қойсаңыз, онда біз сізбен, Екатерина Михайловна, Еуропалық сотта жолығамыз! Сізді ол жаққа шақырту қағазымен алдыртады. Ал мен ол жаққа басқа жұмыстарымен онсыз да барамын. Ал оның қандай жұмыс екені менің жеке шаруам және ешкімге қатысты емес.

Аталған шығарма 3-қыркүйек күні жазылған. Дегенмен оқиғаның қай қалада, қай мектепте орын алғаны белгісіз.Болжамдар бойынша Алматы қаласындағы орта мектептердің бірінде болған.


Соңғы жаңалықтар