Жарияланды: 410

Мектепке бомба қойылды деп жалған хабар таратқан әйел ұсталды

Мектепке бомба қойылды деп жалған хабар таратқан әйел ұсталды

Көкшетауда орта мектеп ғимаратына бомба қойылды деп жалған хабар таратып, жұртты дүрліктірген әйел қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетсек,  кеше кешкісін белгісіз әйел ЖБО «102» арнайы нөмірі арқылы қоңырау шалып,  Көкшетаудағы № 11 орта мектеп ғимаратына бомба қойылғанын хабарлаған болатын.  Осыған орай,  421 оқушы, 53 ұстаз бен техникалық қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылған болатын. Оқиға орнына дереу жеткен арнайы қызмет өкілдері білім ордасынан ешқандай жарылғыш зат таппады.

Кейін көп ұзамай күдікті 44 жастағы әйел қолға түсті.

Тергеу амалдары барысында анықталғандай ішімдік ішіп алған әйел құқық қорғау органдарының жеделдігін тексермек болған.

Қазір кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін