Мектептерде ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектептерде ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді

Мектептерде ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшу керек екенін айтты.

  • 7 Маусым 2022
  • 65
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Барлық мектеп ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшуі керек. Оларды жинап алып, басқа адамдардың көзінше баланың үлгерімі мен тәртібін талқылаудан арылған жөн. Оның орнына жеке, топтық немесе ұжымдық форматта ұйымдастырған тиімді", — деп мәлімдеді Аймағамбетов аппарат жиналысында.

Министрдің айтуынша, әрбір ата-анаға мұғалімнен өз баласының жетістіктері мен әлсіз тұстары туралы толық ақпарат алатындай жағдай жасау қажет.


"Ол үшін ата-аналармен қарым-қатынасты жаңаша жүргізу маңызды", — деді министр.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов енді ағылшын тілі 1-сыныптан емес, 3-сыныптан бастап оқытылатынын мәлімдеді. Бұл өзгеріс биыл бірінші қыркүйектен бастап енгізіледі деген жоспар бар.

Соңғы жаңалықтар