«Жұмыс істеп тұрған 7561 күндізгі жалпы білім беретін мектептері ішінде 3817 мектеп қазақ, 1395-і — орыс, 60 мектеп — өзбек, 14-і — ұйғыр, сондай-ақ 3 мектеп — тәжік, 8 мектеп — ағылшын тілдерінде оқытады. Сонымен қоса 2156 мектепте оқыту екі немесе одан көп тілдерде жүргізіледі», — делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.
Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқыту тек қана ұйғыр тілінде жүретін мектептер саны 1 мектепке өсті.