Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
«Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады», — деді комитет басшысы.
Еске салайық, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қазақстанда оқушылардың соңғы қоңырау мерекеін 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынған еді. Себебі, 31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.