«Компания мәліметіне қарағанда, мемлекеттің меткомпания алдындағы ҚҚС байланысты қарызы 12 млрд теңге. Оның 4 млрд 100 млн теңгесі құжатпен расталған. Қалған соманы растау үшін тексеру қажет. Қандай сома белгіленсе сонша ақша төленеді», — деп Қарағанды облысының мемлекеттік табыс департаменті басшысы Азамат Ахметов хабарлады.
Оның айтуынша, компания салық декларациясын тапсырғаннан кейін 15 күн ішінде оның есеп-шотына 4,1 млрд теңге түседі.
Бұған дейінгі баспасөз мәслихатында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Виджай Махадеван мемлекеттің компанияға 12 млрд теңге берешегі бар деп мәлімдеген болатын.