Мемлекет басшысы "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды

Астана. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін 2008 жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі қаржылық көрсеткіштерін айқындайтын "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат депутаттары республикалық бюджеттің шығыс бөлігін 25909 млн теңгеге, соның ішінде бюджет тапшылығын 0,1 %-ға өсіру есебінен ұлғайтуды ұсынған. Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, «сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулардан кейін республикалық бюджеттің түсімдері 2694732,3 млн теңге, шығындары 2905236,2 млн теңге, тапшылығы — 210503,9 млн теңге немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,4% болмақ».

Бұрын хабарлағанымыздай, үкіметтің парламентке ұсынған бастапқы үлгісінде бюджеттің мынадай параметрлерін бекіту ұсынылды: заңға сәйкес, 2008 жылы республикалық бюджет түсімдері 2 трлн 692,1 млрд теңге ( болжамдық Жалпы ішкі өнімге шаққанда 17,7%), жалпы шығындар 2 трлн 889,7 млрд теңге ( Жалпы ішкі өнімге шаққанда 18,9%), бюджет тапшылығы — 197,6 млрд теңге ( Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,3%).

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті