Жарияланды: 410

Мемлекет басшысы ӘКК басшыларының бірінші жиналысына қатысты

Қостанай. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарының аясында "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында ӘКК басшыларының жиналысы болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Тобыл" ӘКК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ӘКК құрылғалы бері мемлекет басшысының қатысуымен өтіп отырған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың алғашқы жиналысы болып табылады. ӘКК басшылары мемлекет берген активтер негізінде жүзеге асып жатқан жобалар жайында баяндады. Инфрақұрылым, тау-кен саласы, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салалар осы жобаларды жүзеге асырудағы басымдыққа ие бағыттар болып есептеледі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін