Мемлекет басшысы ӘКК басшыларының бірінші жиналысына қатысты (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы ӘКК басшыларының бірінші жиналысына қатысты (толықтырылған нұсқасы)

Мемлекет басшысы ӘКК басшыларының бірінші жиналысына қатысты (толықтырылған нұсқасы)

Қостанай. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарының аясында "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында ӘКК басшыларының жиналысы болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 22 Тамыз 2008
  • 574
Фото - Caravan.kz

«Тобыл» ӘКК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ӘКК құрылғалы бері мемлекет басшысының қатысуымен өтіп отырған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың алғашқы жиналысы болып табылады.

ӘКК басшылары мемлекет берген активтер негізінде жүзеге асып жатқан жобалар жайында баяндады. Инфрақұрылым, тау-кен саласы, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салалар осы жобаларды жүзеге асырудағы басымдыққа ие бағыттар болып есептеледі.

Жиналыс барысында президент барлық маманды емес активтерді ӘКК беру жөніндегі тапсырманы толығымен орындалды деп есептеуге болмайтынын атап көрсетті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Үкіметке бұл мәселенің жай-күйі жөнінде есеп беруді және өсімі басқаларына қарағанда аз болған өңірлер туралы хабарлауды тапсырамын. ӘКК құрылғалы бері біршама уақыт өтті. Енді міне, олардың қызметіне баға беретін кезеңге де келіп жеттік», — деді Н. Назарбаев.

Жиналыс аяқталысымен президент Қостанай қаласының орталық алаңына келіп, қала тұрғындарын Қала күнімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы облыс орталығында соңғы жылдары үлкен өзгерістер болғанын атап өтті. Субұрқақтар мен сәулет нысандары салынған. Көгалдандыруға айрықша назар аударылған. Көңілге қонарлықтай демалу үшін қала тұрғындарына барлық мүмкіндік жасалған. Қостанайда үлкен орталық алаң пайда болды. Осыған дейін мерекелік шаралар кезінде оның жетіспеушілігі сезілетін», — деп хабарлады президенттің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Н. Назарбаев күрделі ауа-райына қарамастан жақсы түсім ала білген Қостанай диқандарының еңбегін де атап өтуді ұмытпады.

Президент оның Қазақстанды дамыту бойынша ауқымды жоспарларын жүзеге асыруда үнемі қолдау көрсетіп отырғандары үшін Қостанай облысының барша тұрғынына алғыс білдірді. Мемлекет басшысы қостанайлықтар мен барлық қазақстандықтарға ашық аспан, амандық және бақыт тіледі, деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар