«Мен жаңа ғана халқымызды бейбітшілік пен гүлдену жолымен алға бастап келе жатқан партия үшін дауыс бердім», — деді ол. Президент еліміздің барлық азаматтарын сайлау учаскелеріне келіп өзінің азаматтық борышын өтеуге шақырды. «Бұл парыздан ешкім де қалыс қалмауға тиіс. Сайлау учаскелеріне келіп, халқымызды алға қарай бастайтын партия үшін, бейбітшілік, тыныштық пен мемлекетіміздегі тұрақтылық үшін, әрбір қазақстандықтың тұрмысының түзелуі үшін дауыс беріңіздер», — деді мемлекет басшысы.
Н. Назарбаев «бүгінгі күннің еліміз тәуелсіздігінің тарихындағы тағы бір маңызды күн екенін» атап өтті. «Біз алғаш рет мәжіліс депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлап, бірінші рет жергілікті өзін-өзі басқарудың ролін көтердік», — деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті